Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" заңдарына, Қарағанды облысы әкімдігінің 2018 жылғы 24 шілдедегі № 37/02 "Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлаудың 2018-2019 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4886 болып тіркелген) және жоғары және жоғары білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлаудың мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша комиссияның 2018 жылғы 03 тамыздағы № 2 шешіміне сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2018-2019 оқу жылына жоғары білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындарының тізбесі осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. 2018-2019 оқу жылына жоғары білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындарының тізбесі осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. "Қарағанды облысының білім басқармасы", "Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемелері заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) жергілікті бюджет есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқуға түсетін азаматтармен жасалған шарттардың тиісті орындалуын;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қарағанды облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын;
3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдауын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі | Е. Қошанов |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2018 жылғы "24" тамыздағы № 46/01 қаулысына 1 қосымша |
2018-2019 оқу жылы жоғары бiлiмi бар мамандарды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындар тізбесі (жергілікті бюджет есебінен)
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – "Қарағанды облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі
№ | Жоғары оқу орынның атауы | Жоғарғы білім мамандығының коды | Мамандықтың атауы | 2018-2019 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі (күндізгі) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Білім | ||||
1 | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетi" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны | 5В010200 | Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі | 5 |
5В010500 | Дефектология | 5 | ||
5В010900 | Математика | 5 | ||
5В011000 | Физика | 5 | ||
5В012800 | Физика-Информатика | 5 | ||
5В012500 | Химия-Биология | 5 | ||
5В012900 | География-Тарих | 5 | ||
2 | "Болашақ" академиясы" жеке меншік мекемесі | 5В011900 | Шетел тілі: екі шетел тілі | 5 |
Техникалық ғылымдар және технологиялар | ||||
3 | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны | 5В100200 | Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері | 5 |
5В070800 | Мұнай-газ ісі | 5 | ||
Барлығы | 50 |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2018 жылғы "24" тамыздағы № 46/01 қаулысына 2 қосымша |
2018-2019 оқу жылы жоғары білімнен кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындар тізбесі (жергілікті бюджет есебінен)
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – "Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі
№ | Жоғары оқу орынның атауы | Жоғарғы білім мамандығының коды | Мамандықтың атауы | 2018-2019 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі (күндізгі) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) | ||||
1 | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Қарағанды мемлекеттік медицина университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны | 6R112600 | Анестезиология және реаниматология, оның ішінде балалардың | 3 |
6R114400 | Акушерлік және гинекология, оның ішінде балалардың | 5 | ||
6R114300 | Неонатология | 2 | ||
Барлығы | 10 |