Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 16.01.2019 № 02/02 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес, Абай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 25 тамыздағы № 07-1-1-24/145 ұсынысының негізінде Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ірі қара малы арасында қарасан ауруының шығуына байланысты Самар ауылдық округі аумағына карантин белгіленсін.
2. Ветеринариялық-санитариялық және сауықтыру іс-шаралары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өткізілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылауды салаға басшылық ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Абай ауданының әкімі | Б. Асанов |