Самар ауылдық округінің аумағында карантин тоқтату туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 16 қаңтардағы № 02/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 17 қаңтарда № 5156 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес және 2018 жылғы 13 қарашадағы № 07-1-1-24/239 Абай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысының негізінде, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мүйізді ірі қара малдарының арасында қарасан ауруының аңықталуына байланысты Самар ауылдық округі аумағында белгіленген карантин алынып тасталсын.

      2. Абай ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 04 қазандағы № 40/01 "Самар ауылдық округінің аумағына карантин белгілеу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4971 болып тіркелген, 2018 жылғы 20 қазандағы № 41 (4236) "Абай – Ақиқат" аудандық газетінде, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылы 17 қазанда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау салаға басшылық ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Абай ауданының әкімінің
міндетін атқарушы
М. Магзин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады