Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2) тармағы негізінде және тұрғындардың пікірлерін ескере отырып ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды облысы, Абай ауданы, Дзержинский селолық округі, Қоянды ауылындағы көшелер келесідей:
Восточная көшесі Бейбітшілік көшесіне;
Молодежная көшесі Достық көшесіне;
Садовая көшесі Ынтымақ көшесіне;
Центральная көшесі Тәуелсіздік көшесіне қайта аталсын.
2. Қарағанды облысы, Абай ауданы, Дзержинский селолық округі, Қойбас ауылындағы көшелер келесідей:
Зеленая көшесі Нұра көшесіне;
Солнечная көшесі Береке көшесіне қайта аталсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сәрепті селосының әкімі | А. Махфуз |