Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Гагарин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Гагарин ауылындағы Октябрьская көшесінің атауы – Достық көшесі болып, Садовое ауылындағы Набережная көшесінің атауы – Бейбітшілік көшесі болып, Садовое ауылындағы Садовая көшесінің атауы – Сарыжайлау көшесі болып, Садовое ауылындағы Пионерская көшесінің атауы – Ботақара көшесі деп өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | А.С. Амре |