Гагарин ауылдық округіндегі көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Гагарин ауылдық округінің әкімінің 2018 жылғы 5 қазандағы № 1 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 22 қазанда № 4981 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Гагарин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Гагарин ауылындағы Октябрьская көшесінің атауы – Достық көшесі болып, Садовое ауылындағы Набережная көшесінің атауы – Бейбітшілік көшесі болып, Садовое ауылындағы Садовая көшесінің атауы – Сарыжайлау көшесі болып, Садовое ауылындағы Пионерская көшесінің атауы – Ботақара көшесі деп өзгертілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім А.С. Амре

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады