Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Корнеевка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Керней ауылындағы Целинная көшесі – Алаш көшесі болып, Керней ауылындағы Тракторная көшесі – Бірлік көшесі болып, Керней ауылындағы Студенческая көшесі – Болашақ көшесі болып, Керней ауылындағы Строительная көшесі – Құрылыс көшесі болып, Ақжар ауылындағы Центральная көшесі – Орталық көшесі болып, Ақжар ауылындағы Клубная көшесі – Жастар көшесі болып, Ақжар ауылындағы Школьная көшесі – Мектеп көшесі болып, Ақжар ауылындағы Заречная көшесі – Ынтымақ көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Корнеевка ауылдық округінің әкімі | Т. Ргебаев |