Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Тоғызқұдық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Тоғызқұдық ауылындағы Целинная көшесі – Егінді көшесі болып, Тоғызқұдық ауылындағы Парковая көшесі – Достық көшесі болып, Тоғызқұдық ауылындағы Школьная көшесі – Болашақ көшесі болып, Тоғызқұдық ауылындағы Набережная көшесі – Желтоқсан көшесі болып, Тоғызқұдық ауылындағы Механическая көшесі – Бірлік көшесі болып, Тоғызқұдық ауылындағы Ленин көшесі – Орталық көшесі болып, Тоғызқұдық ауылындағы Заречная көшесі – Жеңіс көшесі болып, Тоғызқұдық ауылындағы Советская көшесі - Тәуелсіздік көшесі болып, Тоғызқұдық ауылындағы Степная көшесі – Ынтымақ көшесі болып, Тоғызқұдық ауылындағы Октябрьская көшесі - Бейбітшілік көшесі болып қайта аталсын, Тоғызқұдық ауылындағы Аманкельдинская көшесінің транскрипциясы - Амангелді Иманов көшесі деп өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тоғызқұдық ауылдық округінің әкімі | Е. Карипбаев |