Тоғызқұдық ауылдық округіндегі көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Тоғызқұдық ауылдық округінің әкімінің 2018 жылғы 5 маусымдағы № 1-ш шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 19 маусымда № 4825 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Тоғызқұдық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Тоғызқұдық ауылындағы Целинная көшесі – Егінді көшесі болып, Тоғызқұдық ауылындағы Парковая көшесі – Достық көшесі болып, Тоғызқұдық ауылындағы Школьная көшесі – Болашақ көшесі болып, Тоғызқұдық ауылындағы Набережная көшесі – Желтоқсан көшесі болып, Тоғызқұдық ауылындағы Механическая көшесі – Бірлік көшесі болып, Тоғызқұдық ауылындағы Ленин көшесі – Орталық көшесі болып, Тоғызқұдық ауылындағы Заречная көшесі – Жеңіс көшесі болып, Тоғызқұдық ауылындағы Советская көшесі - Тәуелсіздік көшесі болып, Тоғызқұдық ауылындағы Степная көшесі – Ынтымақ көшесі болып, Тоғызқұдық ауылындағы Октябрьская көшесі - Бейбітшілік көшесі болып қайта аталсын, Тоғызқұдық ауылындағы Аманкельдинская көшесінің транскрипциясы - Амангелді Иманов көшесі деп өзгертілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тоғызқұдық ауылдық округінің әкімі Е. Карипбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады