Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ірі қара малдың арасынан бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық - санитариялық іс-шараларды жүргізуіне байланысты, Қырғыз ауылдық округінің Бүркітті ауылында және Мәди ауылдық округінің "Бепеу-Қосық" шаруа қожалығының "Тайыншабаз" қыстағы аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 09 тамыздағы № 219 "Қырғыз ауылдық округінің Бүркітті ауылында және Мәди ауылдық округінде "Бепеу-Қосық" шаруа қожалығының "Тайыншабаз" қыстағы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 4340 болып тіркелген, 2017 жылғы 26 тамыздағы № 69-70 (11590) "Қарқаралы" газетінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылы 29 тамызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарқаралы ауданының әкімі | К.М. Максутов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарқаралы аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің басшысы |
Т.Ж. Көпжасаров |
2018 жыл 30 қаңтар.