Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қарағанды облысы әкімдігінің 2018 жылғы 23 қаңтардағы № 02/04 "Аңшылық алқаптарды жануарлар дүниесін пайдаланушыларға бекітіп беру туралы" қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Охотзоопром" ӨБ" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына, Қарқаралы ауданы "Солтүстік-Шығыс" жерінде орналасқан, жалпы көлемі – 470380 гектар жер учаскесін жер пайдаланушыдан алып қоймай аң аулау мақсатында пайдалану үшін 10 (он) жылға қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Охотзоопром" ӨБ" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жер пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнама талаптарын сақтасын.
3. "Қарқаралы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (А. Наушабаев) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | К. Максутов |