Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылдық округінің әкімінің 11.01.2019 № 01 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 7-1/86 "Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 10414 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қарқаралы ауданының Егіндібұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Егіндібұлақ ауылдық округінің Егіндібұлақ ауылындағы Балқантау көшесі аумағында ірі қара малдарынан бруцеллез ауруы шығуына байланысты шектеу іс-шарасы белгіленсін.
2. Ветеринариялық-санитариялық, сауықтыру және шектеу іс- шаралары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өткізілсін.
3. Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Егіндібұлақ ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы |
Ш. Есболов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарқаралы аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің басшысы |
Т.Ж. Көпжасаров |
2018 жыл 05 қыркүйек