Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына және Қарағанды облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 7 ақпандағы қорытындысына сәйкес, Қарқаралы ауданы Угар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарқаралы ауданы Матақ ауылының көшелері:
1) Школьная көшесі Матақ батыр көшесіне;
2) Комсомольская көшесі Тәуелсіздік көшесіне;
3) Молодежная көшесі Желтоқсан көшесіне;
4) Центральная көшесі Бейбітшілік көшесіне;
5) Асфальная көшесі Наурыз көшесіне;
6) Казахстанская көшесі Қазақ елі көшесіне;
7) Клубная көшесі Мәдениет көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Угар ауылдық округінің әкімі | Ж. Рахымбеков |