ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Шешімнің қолданыста болу мерзімі - 01.01.2020 дейін (шешімнің 3-т.).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 704 бабының 3-тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Нұра ауданының аумағында Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
2. Күші жойылды деп танылсын:
Нұра аудандық мәслихатының 38 сессиясының 2015 жылғы 17 қыркүйектегі № 400 "Нұра ауданының аумағында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3437 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 қазанда, 2015 жылғы 17 қазандағы № 42 (5429) "Нұра" газетінде жарияланған);
Нұра аудандық мәслихатының 42 сессиясының 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 442 "Нұра аудандық мәслихатының 2015 жылғы 17 қыркүйектегі 38 сессиясының № 400 "Нұра ауданының аумағында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3658 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 22 ақпанда, 2016 жылғы 20 ақпанда № 7 (5445) "Нұра" газетінде жарияланған).
3. Осы шешiм оның алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін колданылады.
Сессия төрағасы | Т. Жақантай |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Т. Оспанов |