Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 02.11.2018 № 75/01 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 18) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ірі қара малдың арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты, Құндызды ауылдық округінің Шұңқыркөл ауылының №1 табыны аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Ветеринариялық-санитариялық, сауықтыру және шектеу іс-шаралары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өткізілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін
4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н. Кобжанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы ауыл |
шаруашылығы Министрлігі |
ветеринариялық бақылау және |
қадағалау Комитетінің |
Осакаров аудандық аумақтық инспекциясы" |
мемлекеттік мекемесінің басшысы |
А. Абдикаримов |
2018 жылдың 16 шілдесі