Құндызды ауылдық округінің Шұңқыркөл ауылы аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 2018 жылғы 2 қарашадағы № 75/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 5 қарашада № 4993 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Осакаров ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы негізінде, Құндызды ауылдық округінің Шұңқыркөл ауылының №1 табыны аумағында ірі қара малдың арасында бруцеллез ауруының ошағын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенін жүргізуіне байланысты, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Құндызды ауылдық округінің Шұңқыркөл ауылының №1 табыны аумағында белгіленген шектеу іс – шаралары тоқтатылсын.

      2. Осакаров ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 16 шілдедегі № 49/01 "Құндызды ауылдық округінің Шұңқыркөл ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4877 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылғы 23 шілдеде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Кобжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады