Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және кент тұрғындарының пікірін ескере отырып, Осакаровка кентінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Осакаров ауданы Осакаровка кентіндегі көшелер келесідей болып қайта аталсын:
1) Осакаровка кентінің Советская көшесін Жібек жолы көшесіне;
2) Осакаровка кентінің Советский тұйық көшесі Көркем тұйық қөшесіне;
3) Осакаровка кентінің Комсомольская көшесін Сұңқар көшесіне;
4) Осакаровка кентінің Октябрьская көшесін Қарағанды көшесіне.
2. Осы шешімнің бақылауын орындауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кент әкімі | С. Акижанов |