Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі баскару туралы" Заңына сәйкес, ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының қортындысы негізінде, Озерный ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Осакаров ауданы Озерный ауылдық округіндегі Ералы ауылының көшелері келесідей:
1) Первая көшесі Атамұра көшесіне;
2) Вторая көшесі Бейбітшілік көшесіне;
3) Третья көшесі Шаңырақ көшесіне болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | А. Каспаков |