Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңына және 2018 жылғы 09 тамыздағы Қарағанды облысы әкімінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындылары негізінде, сондай-ақ ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Қаракеңгір ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ұлытау ауданы Қаракеңгір ауылдық округі Бозтұмсық ауылындағы Центральная көшесінің атауы – Алтын Орда көшесі болып, Набережная көшесінің атауы – Ақжар көшесі болып, Советская көшесінің атауы – Жерұйық көшесі болып, Колхозная көшесінің атауы – Аманат көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Ж. Төре |