Ұлытау ауданы Қаракеңгір ауылдық округі Бозтұмсық ауылындағы көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Қаракеңгір ауылдық округінің әкімінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 03 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 29 желтоқсанда № 5106 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңына және 2018 жылғы 09 тамыздағы Қарағанды облысы әкімінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындылары негізінде, сондай-ақ ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Қаракеңгір ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ұлытау ауданы Қаракеңгір ауылдық округі Бозтұмсық ауылындағы Центральная көшесінің атауы – Алтын Орда көшесі болып, Набережная көшесінің атауы – Ақжар көшесі болып, Советская көшесінің атауы – Жерұйық көшесі болып, Колхозная көшесінің атауы – Аманат көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Ж. Төре

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады