2018 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкімдігінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 14/103 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 18 мамырда № 4764 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31 бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 болып тіркелген) сәйкес, Приозерск қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмағанда, меншік нысанына және ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан, ұйымдарда жұмыс орындарының тізімдік санынан пайызбен көрсеткенде қосымшаға сәйкес мүгедектер үшін 2% - дан бастап 4% - ға дейінгі көлемде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Б.Ә. Қазиеваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Қ. Камзин

  Приозерск қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 3 мамырдағы
№ 14/103 қаулысына қосымша

Мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Приозерск қаласы ұйымдарының тізімі

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Қызметкерлердің тізімдік санынан алғандағы квотаның көлемі (%)

Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны

1.

"Қоммуналдық тұрғын үйлерді қайта қалыптастыру басқармасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

173

3

5

2.

"Приозерск қаласының "Достық" балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

77

2

2


Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства инвалидов на 2018 год

Постановление акимата города Приозерск Карагандинской области от 3 мая 2018 года № 14/103. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 18 мая 2018 года № 4764

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 1) статьи 31 Закона Республики Казахстан от 13 апреля 2005 года "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан", подпунктом 6) статьи 9 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения", Приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 13 июня 2016 года № 498 "Об утверждении Правил квотирования рабочих мест для инвалидов" (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 14010), акимат города Приозерск ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить квоту рабочих мест для инвалидов в размере от 2% до 4% для организаций независимо от организационно-правовой формы и формы собственности в процентном выражении от списочной численности рабочих мест, без учета рабочих мест на тяжелых работах, работах с вредными, опасными условиями труда согласно приложению.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Приозерск Казиеву Б.А.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.

      Аким города К. Камзин

  Приложение к постановлению
акимата города Приозерск
от 3 мая 2018 года № 14/103

Перечень организаций города Приозерск, для которых устанавливается квота рабочих мест для инвалидов

Наименование организации

Списочная численность работников

Размер квоты (%) от списочной численности работников

Количество рабочих мест для инвалидов

1.

Коммунальное государственное предприятие "Управление жилищно-комуннального реформирования"

173

3

5

2.

Коммунальное государственное казенное предприятие "Центр детско-юношеского творчества "Достық" города Приозерск"

77

2

2