"Қазақстан Республикасының Жер кодексі" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексінің 121-бабы 4-тармағына, "Магистральдық құбыр туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 22 маусымдағы Заңының 14-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына, осы баптың 5-тармағына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қараөзек" КС-4компрессор стансасы аумағы шекарасынан барлық жаққа жүз метрге кейін қалатын күзет аймағының шекарасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. "Қараөзек" КС-4компрессор стансасының күзет аймағындағы жерді пайдалану режимі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
3. "Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі және Сырдария ауданының әкімдігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Қ. Көшербаев |
Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы "22" қаңтардағы № 1020 қаулысына 1-қосымша |
"Қараөзек" КС-4 компрессор стансасының күзет аймағы шекарасының экспликациясы
№ | Аудан атауы |
"Қараөзек" КС-4компрессор стансасының | Оның ішінде: | |
жайылымы | басқа алқаптары | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Сырдария ауданы | 27,60 | 21,36 | 6,24 |
Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы "22" қаңтардағы № 1020 қаулысына 2-қосымша |
"Қараөзек" КС-4 компрессор стансасының күзет аймағындағыжерді пайдалану режимі
№ | Күзет аймағының атауы | Күзет аймағындағы жерді пайдалану режимі |
1 | 2 | 3 |
1 | "Қараөзек" КС-4 компрессор стансасының күзет аймағы |
"Қараөзек" КС-4компрессор стансасының күзет аймағында: |
1 | 2 | 3 |
5) автомобиль көлігі құралдарының, тракторлар мен механизмдердің тұрақтарын ұйымдастыруға; |
Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:
КС – компрессорлық стансасы.