"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 27 қарашадағы қорытындысына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылорда қаласындағы "Саяхат-7" көшесіне "Бақытжан Серімбетов" есімі берілсін.
2. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Қ. Көшербаев |
Қызылорда облыстық мәслихатының кезектен тыс 18-сессиясының төрағасы, облыстық мәслихат хатшысы |
Н. Байқадамов |