Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қызылорда облыстық мәслихатының 13.12.2022 № 160 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы кодексінің 576-бабына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылорда облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес көтерілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облыстық мәслихатының 13.12.2022 № 160 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. "Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақысының мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 15 наурыздағы № 108 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5786 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 18 сәуірде "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2017 жылы 19 сәуірде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облыстық мәслихатының 19-сессиясының төрағасы, облыстық мәслихат хатшысы |
Н. Байқадамов |
Қызылорда облыстық мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 188 шешіміне қосымша |
Қызылорда облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облыстық мәслихатының 13.12.2022 № 160 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Стационарлық көздерден ластаушы заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с № | Ластаушы заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) | 1 килограмм үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Күкірт оксидтері (SOx) | 20 | |
2. | Азот оксидтері (NOx) | 20 | |
3. | Шаң және күл | 10 | |
4. | Қорғасын және оның қосылыстары | 3986 | |
5. | Күкірт сутек | 124 | |
6. | Фенолдар | 332 | |
7. | Көмірсутектер | 0,32 | |
8. | Формальдегид | 332 | |
9. | Көміртегі монооксиді | 0,32 | |
10. | Метан | 0,02 | |
11. | Күйе | 24 | |
12. | Темір тотықтары | 30 | |
13. | Аммиак | 24 | |
14. | Алтывалентті хром | 798 | |
15. | Мыс тотықтары | 598 | |
16. | Бенз(а)пирен | 996,6 |
2. Жылжымалы көздерден атмосфералық ауаға ластаушы заттарды шығарғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с № | Отын түрі | Пайдаланылған отынның 1 тоннасы үшін мөлшерлеме (АЕК) |
1 | 2 | 3 |
1. | Этилденбеген бензин үшін | 0,66 |
2. | Дизель отыны үшін | 0,9 |
3. | Сұйытылған, сығылған газ, керосин үшін | 0,48 |
3. Ластаушы заттардың төгінділері үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с № | Ластаушы заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) |
1 | 2 | 3 |
1. | Нитриттер | 1 340 |
2. | Мырыш | 2 680 |
3. | Мыс | 26 804 |
4. | Оттегіні биологиялық қажеттілік | 8 |
5. | Тұзды аммоний | 68 |
6. | Мұнай өнімдері | 536 |
7. | Нитраттар | 2 |
8. | Жалпы темір | 268 |
9. | Сульфаттар (анион) | 0,8 |
10. | Өлшенген заттар | 2 |
11. | Синтетикалық беткі белсенді заттар | 54 |
12. | Хлоридтер (анион) | 0,2 |
13. | Алюминий | 54 |
4. Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын көмгені үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с № | Қалдықтардың түрлері | Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) | |
1 тонна үшін | 1 гигабеккерель үшін (Гбк) | ||
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Өндіріспен тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтағыштарда және арнайы бөлінген орындарда көмгені үшін: | ||
1.1. | Осы кестенің 1.2-жолында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, төлемақыны есептеу мақсаттары үшін қауіптілік қасиеттері ескерілетін қалдықтар: | ||
1.1.1. | Қауіпті қалдықтар | 8,01 | |
1.1.2. | Қауіпсіз қалдықтар | 1,06 | |
1.2. | Төлемақыны есептеу мақсаттары үшін қауіптілік қасиеттері ескерілмейтін қалдықтардың жекелеген түрлері: | ||
1.2.1. | Коммуналдық қалдықтар (қатты тұрмыстық қалдықтар, кәріздік тазарту құрылыстарыныңт ұнбасы) | 0,38 | |
1.2.2. | Тау-кен өндіру өнеркәсібінің және карьерлерді игеру қалдықтары (мұнаймен табиғи газды өндіруден басқа): | ||
1.2.2.1 | Аршынды жыныстар | 0,004 | |
1.2.2.2 | Жанасқан тау жыныстары | 0,026 | |
1.2.2.3 | Байыту қалдықтары | 0,02 | |
1.2.2.4 | Шлактар, шламдар | 0,038 | |
1.2.3. | Құрамында пайдалы қазбалар бар кенді, концентраттарды, агломераттарды және шекем тастарды қайта өңдеу, қорытпалармен металдар өндірісі кезінде металлургиялық қайта жасауда түзілетін шлактар, шламдар | 0,038 | |
1.2.4. | Күл мен күл шлактары | 0,66 | |
1.2.5. | Ауылшаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде қи, құссаңғырығы | 0,002 | |
1.2.6 | Радиоактивті қалдықтар: | ||
1.2.6.1. | трансуранды | 0,76 | |
1.2.6.2. | альфа-радиоактивті | 0,38 | |
1.2.6.3. | бета-радиоактивті | 0,04 | |
1.2.6.4. | Шынақты радиоактивті көздер | 0,38 |