"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қалалық коммуналдық меншіктегі ұйымды мүліктік кешен ретінде жекешелендіру туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 11078 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №6304 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталонды бақылау банкісінде 2018 жылғы 7 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда қаласының әкімі | Н. Нәлібаев |