Қалалық коммуналдық меншіктегі ұйымды мүліктік кешен ретінде жекешелендіру туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 11078 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 4 маусымда № 6304 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 23 шілдедегі № 11541/1 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 23.07.2018 № 11541/1 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына, "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес қалалық коммуналдық меншіктегі ұйым мүліктік кешен ретінде жекешелендірілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда қаласының әкімі Н. Нәлібаев

  Қызылорда қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 23 мамырдағы №11078 қаулысына қосымша

Мүліктік кешен ретінде жекешелендірілетін қалалық коммуналдық меншіктегі ұйым – "Тұрғын үй Қызылорда" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Занды тұлғаның атауы

Жекешелендіру мерзімі

Жекешелендіру түрі

1

"Тұрғын үй Қызылорда" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қараша, 2020 жыл

Тендер


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады