"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Қызылорда қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда қаласының әкімі | Н. Нәлібаев |
Қызылорда қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 23 шілдедегі №11541/2 қаулысына қосымша |
Қызылорда қаласы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. "Жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 8 маусымдағы №5546 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 06 ақпандағы № 6989 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5735 тіркелген, "Ақмешiт ақшамы" газетінде 2017 жылғы 1 наурызда, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 13 наурызда жарияланған);
2. "Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 18 сәуірдегі №7609 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 8 тамыздағы № 8478 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5939 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 25 тамызда жарияланған);
3. "Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 17 мамырдағы №7696 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 8 тамыздағы № 8479 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5940 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 22 тамызда жарияланған).