"Жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 8 маусымдағы № 5546 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 06 ақпандағы № 6989 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 20 ақпанда № 5735 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 23 шілдедегі № 11541/2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 23.07.2018 № 11541/2 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Қызылорда қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 8 маусымдағы № 5546 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5538 тіркелген, "Ақмешіт ақшамы" газетінде 2016 жылғы 22 маусымда № 46-47, "Кызылорда Таймс" газетінде 2016 жылғы 22-28 маусымда № 27, "Әділет ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 29 маусымда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      аталған қаулының 1-тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қызылорда қаласының әкімі Н. Нәлібаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады