"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 16 сәуірдегі Заңына сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1."Отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2015 жылғы 30 қазандағы № 49/6 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 06 қарашада №5214 тіркелген, 2015 жылғы 11 қарашада "Ақмешіт ақшамы", "Кызылорда таймс" газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда қалалық мәслихатының кезектен тыс ХХХІV сессиясының төрағасы |
Қ.ОРЫНБАСАРҰЛЫ |
Қызылорда қалалық мәслихатының хатшысы |
Р. БУХАНОВА |