Отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Қызылорда қалалық мәслихатының 2015 жылғы 30 қазандағы № 49/6 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 06 қарашада № 5214 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 208-34/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 21.12.2018 № 208-34/5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін бюджет қаражаты есебінен 4 (төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жыл сайын әлеуметтік көмек берілсін.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда қалалық мәслихатының
      кезектен тыс ХХХХІХ сессиясының төрағасы,
      Қызылорда қалалық мәслихаты
      хатшысының міндетін атқарушысы
      Қ. ЕРНАЗАРОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады