"Қазақстан Республикасының Жер кодексі" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексінің 69-бабының 4-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Арал ауданының жерлерінен "Аралсода" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне теміржол желісін жүргізу үшін жалпы көлемі 2,0 гектар жер учаскесі жер пайдаланушыдан алып қоймай 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Аралсода" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі теміржол желісін жүргізу мақсатында жер учаскесін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтасын.
3. "Арал аудандық жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Н. Ахметов) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Арал ауданы әкімінің орынбасары М. Мейірбековке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Арал ауданы әкімінің міндетін атқарушы |
Р. Өтешов |