"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін белгілеу туралы" Арал ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 231-қ қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5154 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 қазанда "Толқын" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Арал ауданы әкімінің орынбасары Е. Әбішевке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы | М. Мейірбеков |