Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 04 қыркүйектегі N 231-қ қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 қыркүйекте N 5154 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 351-қ қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 28.06.2018 № 351-қ қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Заңының 48-бабына сәйкес, Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      АУДАН ӘКІМІ А. МҰХИМОВ

  Аудан әкімінің
  2015 жылғы "04" қыркүйектегі
  № 231-қ қаулысына қосымша

Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері

р/с

Азаматтар санаты

Жеңілдіктер мөлшері

1

7 жасқа дейінгі балалар

Тегін

2

Көп балалы отбасыларынан оқушы-балалар

Тегін

3

Балалар үйлерінен оқушы-балалар

Тегін

4

Спорт ардагерлері

Тегін

5

Оқушылар

Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50 пайыз мөлшердегі жеңілдік

6

Студенттер

Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50 пайыз мөлшердегі жеңілдік

7

Зейнеткерлер

Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50 пайыз мөлшердегі жеңілдік

      * Ескертпе: Осы тізбе мемлекеттік дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарында қолданылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады