Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 16.02.2021 № 11 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қармақшы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 қыркүйектегі № 117 "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5983 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 20 қазанда жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:
5-тармағының 1-тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"1) 9 мамыр –Жеңіс күніне орай;
Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына – 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет;
Ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери міндетін орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яки майданда болуына немесе әскери міндетін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілерге – 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен марапатталған адамдарға – 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет;
жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына: Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен марапатталған адамдар, сондай -ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен марапатталмаған адамдарға – 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет.";
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Әлеуметтік қолдау ретінде әлеуметтік көмекті алушылардың санаттары:
Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына – 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет;
Жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, оның ішінде:
ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери міндетін орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яки майданда болуына немесе әскери міндетін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілерге жылына бір рет – 40 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде";
жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғыс қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына, атап айтқанда:
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен марапатталған адамдарға жылына бір рет – 30 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде көрсетіледі.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.