"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 7 ақпандағы № 1 қорытындысына сәйкес Жосалы кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қармақшы ауданы Жосалы кентінің келесі көшелеріне:
1) "Тәуелсіздік" ықшам ауданынындағы атауы жоқ № 6 көшеге "Текей батырдың" есімі;
2) "Жағалау" көшесіне "Кеңесбай Тәуекеловтің" есімі;
3) "Аэропорт" көшесіне "Тәуелсіздік" атауы;
4) "Высоковольтная көшесіне "Болашақ" атауы;
5) "ЖД казарма" көшесіне "Береке" атауы;
6) "Чапаев" көшесіне "Ғарыш" атауы;
7) "Қазақстанның XVI партсъезд" көшесіне "Ақмаржан" атауы берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жосалы кенті әкімінің орынбасары А.Қойшыбаевқа жүктелсін.
3. Шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жосалы кенті әкімінің | |
міндетін уақытша атқарушы | Ш.Сыдықов |