Жосалы кентінің көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кенті әкімінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 89 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 18 сәуірде № 6256 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 7 ақпандағы № 1 қорытындысына сәйкес Жосалы кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қармақшы ауданы Жосалы кентінің келесі көшелеріне:

      1) "Тәуелсіздік" ықшам ауданынындағы атауы жоқ № 6 көшеге "Текей батырдың" есімі;

      2) "Жағалау" көшесіне "Кеңесбай Тәуекеловтің" есімі;

      3) "Аэропорт" көшесіне "Тәуелсіздік" атауы;

      4) "Высоковольтная көшесіне "Болашақ" атауы;

      5) "ЖД казарма" көшесіне "Береке" атауы;

      6) "Чапаев" көшесіне "Ғарыш" атауы;

      7) "Қазақстанның XVI партсъезд" көшесіне "Ақмаржан" атауы берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жосалы кенті әкімінің орынбасары А.Қойшыбаевқа жүктелсін.

      3. Шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жосалы кенті әкімінің
      міндетін уақытша атқарушы Ш.Сыдықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады