"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 8) тармағына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қармақшы аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық - санитарлық инспекторының 2018 жылғы 12 сәуірдегі №148 ұсынысы негізінде Дауылкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылорда облысының Қармақшы ауданының Дауылкөл ауылдық округінің Тұрмағамбет ауылының аумағында ұсақ малдардың арасында бурцеллез ауруына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Дауылкөл ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 10 қазандағы "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №6010 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 13 қараша жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Дауылкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы М.Ж.Алдамұратовқа жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Дауылкөл ауылдық округі әкімі | Б.Байбарақов |