Шектеу iс-шараларын белгiлеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Дауылкөл ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 10 қазандағы № 1 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 31 қазанда № 6010 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Дауылкөл ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 21 шешімімен

      Ескерту Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Дауылкөл ауылдық округі әкімінің 22.06.2018 № 21 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 10-1- бабының 7) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетi Қармақшы аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттiк мекемесiнiң бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 14 қыркүйектегі № 420 ұсынысы негiзiнде Дауылкөл ауылдық округiнiң әкiмi ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Дауылкөл ауылдық округi, Тұрмағамбет ауылының аумағында ұсақ малдардың арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу iс-шаралары белгiленсiн.

      2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.

      3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Ауылдық округi әкiмiнің
уақытша міндетін атқарушы
Б. Байбарақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады