Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 10.08.2021 № 151 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
“Құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. “Кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін шарттық негізде үй-жайлар беру туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №10 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5334 болып тіркелген, 2016 жылғы 10 ақпанда “Жалағаш жаршысы” газетінде және 2016 жылғы 17 наурызда “Әділет” ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жалағаш ауданының әкімі | Қ. Сәрсенбаев |
Жалағаш ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 2 қарашадағы №254 қаулысына қосымша | |
Жалағаш ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №10 қаулысына қосымша |
Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар
№ | Елді мекеннің атауы | Кездесу өткізілетін орын |
1 | 2 | 3 |
1 | Жалағаш кенті | “Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімнің Қонысбек Қазантаев атындағы мәдениет Үйі” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көрермендер залы |
2 | Жалағаш кенті | “Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімнің “Мәдениет және өнерді дамыту орталығы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көрермендер залы |
3 | Ақсу ауылы | “Ақсу ауылдық округі әкімі аппаратының Ақсу ауылдық клубы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көрермендер залы |
4 | М.Шәменов ауылы | “М.Шәменов атындағы ауылдық округі әкімі аппаратының М.Шәменов ауылдық мәдениет Үйі” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көрермендер залы |
5 | Қаракеткен ауылы | “Қаракеткен ауылдық округі әкімі аппаратының Қаракеткен ауылдық клубы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көрермендер залы |
6 | Далдабай ауылы | “Қаракеткен ауылдық округі әкімі аппаратының Далдабай ауылдық клубы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көрермендер залы |
7 | Бұқарбай батыр ауылы | “Бұқарбай батыр ауылдық округі әкімі аппаратының Бұқарбай батыр ауылдық мәдениет Үйі” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көрермендер залы |
8 | Аққұм ауылы | “Аққұм ауылдық округі әкімі аппаратының Аққұм ауылдық клубы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көрермендер залы |
9 | Таң ауылы | “Таң ауылдық округі әкімі аппаратының Таң ауылдық мәдениет Үйі” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көрермендер залы |
10 | Еңбек ауылы | “Еңбек ауылдық округі әкімі аппаратының Аққошқар ауылдық мәдениет Үйі” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көрермендер залы |
11 | Есет батыр ауылы | “Аламесек ауылдық округі әкімі аппаратының Есет батыр ауылдық мәдениет Үйі” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көрермендер залы |
12 | Жаңадария ауылы | “Жалағаш аудандық білім бөлімінің №203 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залы |
13 | Мырзабай ахун ауылы | “Жалағаш аудандық білім бөлімінің №122 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залы |
14 | Мәдениет ауылы | “Мәдениет ауылдық округі әкімі аппаратының Мәдениет ауылдық клубы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көрермендер залы |
15 | Т.Жүргенов ауылы | “Мақпалкөл ауылдық округі әкімі аппаратының Темірбек Жүргенов ауылдық мәдениет Үйі” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көрермендер залы |
16 | Жаңаталап ауылы | “Жаңаталап ауылдық округі әкімі аппаратының Жаңаталап ауылдық клубы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көрермендер залы |
17 | Аққыр ауылы | “Жалағаш аудандық білім бөлімінің №188 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залы |