Жалағаш ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 10 тамыздағы № 151 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 11 тамызда № 23949 болып тіркелді

      “Құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жалағаш ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Жалағаш ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі осы қаулының көшірмесін кент, ауылдық округ әкімдеріне мәлімет үшін жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жалағаш ауданы әкімінің аппараты басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш ауданының әкімі А. Шаменов

  Жалағаш ауданы әкімдігінің
  2021 жылғы 10 тамыздағы № 151
  қаулысына қосымша

Жалағаш ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. “Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар беру туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 10 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5334 болып тіркелген).

      2. “Кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін шарттық негізде үй-жайлар беру туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 10 қаулысына өзгеріс енгізу туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 29 мамырдағы № 101 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5882 болып тіркелген).

      3. “Жалағаш ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 қыркүйектегі № 191 қаулысымен бекітілген Жалағаш ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларына енгізілетін өзгерістердің 4-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5975 болып тіркелген).

      4. “Кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін шарттық негізде үй-жайлар беру туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 10 қаулысына өзгеріс енгізу туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 2 қарашадағы № 254 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6497 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады