Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 02.10.2020 № 495 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Жаңақорған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жаңақорған аудандық мәслихатының 2017 жылғы 8 тамыздағы № 05-16/148 "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5949 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 7 қыркүйекте жарияланған) шешiмiне мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларындағы:
2-тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда жариялансын:
"8) уәкiлеттi орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын "Жаңақорған ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жаңақорған аудандық мәслихатының кезекті ХХІ cессиясының төрағасы |
Н.Қалжанов |
Жаңақорған аудандық мәслихатының хатшысы |
Е.Ильясов |