"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Шиелі аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы | Е.Женсикбаев |
Аудандық мәслихат хатшысы | Б.Сыздық |
2018 жылғы 7 тамыздағы Шиелі аудандық мәслихаттың 27/5 шешіміне қосымша |
Шиелі аудандық мәслихатының кейбір күші жойылды деп танылған шешімдерінің тізбесі
1. "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" Шиелі аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 27/5 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне 4663 нөмірімен тіркелген, 2014 жылы 17 мамырында аудандық "Өскен өңір" газетінің 34 нөмірінде жарияланған, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 27 мамырында жарияланған)
2. "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 11 сәуірдегі №27/5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Шиелі аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 4 мамырындағы № 40/3 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне 4999 нөмірімен тіркелген, 2015 жылы 06 маусымында аудандық "Өскен өңір" газетінің 42 нөмірінде жарияланған, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 маусымында жарияланған)
3. "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 11 сәуірдегі №27/5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Шиелі аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 1 қазанындағы № 44/4 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне 5185 нөмірімен тіркелген, 2015 жылы 28 қазанда аудандық "Өскен өңір" газетінің 83 нөмірінде жарияланған, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 қарашада жарияланған)
4. "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 11 сәуірдегі №27/5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Шиелі аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 17/4 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне 6097 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 15 қаңтарда жарияланған).