Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 07.08.2018 № 27/5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi).
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
"Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 27/5 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4663 нөмірімен тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2014 жылғы 17 мамырдағы № 34 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасында:
бүкіл мәтіні бойы "тұрғын жай" деген сөздер "тұрғынжай" деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"1) жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күтiп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;".
2-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) арқылы жүзеге асырылады".
Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың | Аудандық мәслихаттың |
сессия төрағасы | хатшысы |
П. Архабаев | Ә. Оразбекұлы |