Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексінің 38-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-2 тармағына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 19-1/252 "Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11434 болып тіркелген) сәйкес облыстық мәслихат ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 29/435 "Маңғыстау облысында ортақ су пайдаланудың Қағидалары туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2955 болып тіркелген, 2016 жылы 26 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Маңғыстау облысында ортақ су пайдаланудың Қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Маңғыстау облыстық мәслихаты азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында өңірлік жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып, ортақ су пайдалану қағидаларында Маңғыстау облысының аумағында орналасқан су объектілерінде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайтын жерлерді қалалар мен аудандар әкімдіктерінің ұсынысымен осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес айқындайды.";
Қағидалар осы шешімге қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
2. "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Е.Ж. Әбілов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ж. Дәрменов |
Облыстық мәслихат хатшысы | С. Трұмов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық
сақтау комитетінің Маңғыстау облысы
Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті"
республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________ Б.Б. Өтесінов
"_30_" ____05____ 2018 жыл
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігінің Маңғыстау облысының
Ішкі істер департаменті" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
______________ Қ.Д. Таймерденов
"_30_" ____05____ 2018 жыл
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Маңғыстау облысының Төтенше
жағдайлар департаменті" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
______________ Қ.Б. Базарбаев
"_30_" ____05____ 2018 жыл
"Қазақстан республикасы Энергетика
министрлігінің Экологиялық реттеу
және бақылау комитетінің Маңғыстау
облысы бойынша экология департаменті"
республикалық мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін атқарушы
_____________ Р.К. Тукенов
"_30_" ____05____ 2018 жыл
"Маңғыстау облысының табиғи
ресурстар және табиғат пайдалануды
реттеу басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
______________ Д.Т. Құсбеков
"_30_" ____05____ 2018 жыл
Маңғыстау облысының аумағында орналасқан су объектілерінде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайтын жерлері
Ақтау қаласы бойынша:
ұзындығы 300 метр және ені 20 метр құрайтын, 4 шағын аудан "Каспиан Ривьера" қонақүйінен бастап 5 шағын аудандағы М. Өскінбаев атындағы облыстық филармонияға дейін Т.Г. Шевченко ескерткішінен төмен түсу бағыты;
ұзындығы 100 метр және ені 20 метр құрайтын "Шора" су каналының жағалау аймағы.