Маңғыстау облысында ортақ су пайдаланудың қағидалары туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 29/435 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 21 қаңтарда № 2955 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 38- бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-2-тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Маңғыстау облысында ортақ су пайдаланудың Қағидалары белгiленсін.

      2. Облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 27 ақпандағы № 9/122 "Маңғыстау облысында ортақ су пайдаланудың Қағидасы туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2239 болып тіркелген, "Маңғыстау" газетінде 2013 жылғы 18 сәуірде жарияланған) күші жойылсын деп танылсын.

      3.лМаңғыстау облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (Д.Сейбағытов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

М. Ибағаров

Облыстық мәслихат


хатшысы

Б. Жүсіпов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық

      экономика министрлігі Тұтынушылардың

      құқықтарын қорғау комитетінің Маңғыстау

      облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау

      департаменті" республикалық мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      М.Ж. Қадыр

      10 желтоқсан 2015 жыл.


      "Қазақстан Республикасы Ішкі істер

      министрлігі Маңғыстау облысының

      ішкі істер департаменті"

      мемлекеттік мекемесінің бастығы

      Қ.С. Дәлбеков

      10 желтоқсан 2015 жыл.


      "Қазақстан Республикасы энергетика

      министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі

      экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік

      инспекция комитетінің Маңғыстау облысы бойынша

      экология департаменті" республикалық

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Е.Қ. Умаров

      10 желтоқсан2015 жыл.

      "Қазақстан Республикасы Ішкі істер

      министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің

      Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар

      департаменті" мемлекеттік мекемесінің бастығы

      Қ.Б. Базарбаев

      10 желтоқсан 2015 жыл.


      "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар

      және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      С.О. Сағынбаев

      10 желтоқсан 2015 жыл


  Маңғыстау облыстық
  мәслихатының 2015 жылғы
  10 желтоқсандағы № 29/435
  шешімімен бекітілген
  Маңғыстау облысында ортақ
  су пайдаланудың Қағидаларына
  қосымша

Маңғыстау облысының аумағында орналасқан су объектілерінде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайтын орындар

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облыстық мәслихатының 08.12.2023 № 7/76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Ақтау қаласы бойынша:

      1) ұзындығы 300 метр және ені 20 метр 4а шағын ауданында орналасқан "Каспиан Ривьера" қонақ үйінен 5 шағын аудандағы Т.Г. Шевченко ескерткішінен төмен түсу бағытындағы жағалау аймағы;

      2) ұзындығы 100 метр және ені 20 метр "Шора" су каналының жағалау аймағы;

      3) ұзындығы 3800 метр және ені 120 метр "Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің су каналының жағалау аймағы.

      Түпқараған ауданы бойынша:

      1) ұзындығы 2000 метр және ені 30 метр "Ақтау-Форт-Шевченко" автомобиль жолының 43 шақырымында орналасқан жағалау аймағы;

      2) ұзындығы 900 метр және ені 30 метр "Ақтау-Форт-Шевченко" автомобиль жолының 64 шақырымында орналасқан "Голубая бухта" жағалау аймағы;

      3) ұзындығы 3200 метр және ені 30 метр "Ақтау-Форт-Шевченко" автомобиль жолының 86 шақырымында орналасқан "Саура" жағалау аймағы;

      4) ұзындығы 3700 метр және ені 30 метр Форт-Шевченко қаласынан 30 шақырым жерде орналасқан "Тамшалы" жағалау аймағы.

      Қарақия ауданы бойынша:

      1) ұзындығы 3000 метр және ені 30 метр Жыланды жерінен Кендірлі бағытына қарай жағалау аймақтары;

      2) ұзындығы 3000 метр және ені 30 метр Тоқмақ жерінен Кендірлі бағытына қарай жағалау аймақтары.

      Мұнайлы ауданы бойынша:

      ұзындығы 380 метр және ені 170 метр Батыр ауылдық округінен солтүстік-шығыста 7 шақырымда орналасқан кеніштері мен қалдықтары бар қауіпті көл аймағы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады