Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 17.06.2020 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 шілдедегі № 592 "Қазақстан Республикасының ішкі нарығын жеміс-көкөніс өнімімен молықтыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11148 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 358 "Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 15689 болып тіркелген) бұйрықтарына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жаңаөзен қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы (Ж. Бекова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 22 қарашадағы № 762 "Жаңаөзен қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3471, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылы 12 желтоқсанда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары И. Сағынбаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Ә. Дауылбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Жаңаөзен қалалық ветеринария бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысының м.а
Ғ. Саулебаева
02. 04. 2018 жыл.
"Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
І. Орынбеков
02.04. 2018 жыл.
"Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік және
ауыл шаруашылығы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Ж. Бекова
02.04. 2018 жыл.
"Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық
шаруашылық бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысының м.а
Ұ. Елтезерова
02.04. 2018 жыл.
"Жаңаөзен қалалық сәулет және қала
құрылысы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысының м.а
Б.Оңгарбаева
02.04. 2018 жыл.
"Қазақстан Республикасы Денсаулық
cақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық
cақтау комитеті Маңғыстау облысы
Қоғамдық денсаулық сақтау
Департаментінің Жаңаөзен қалалық
қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы"
Республикалық мемлекеттік мекемесінің
басшысы
А. Шаров
02.04.2018 жыл.
"Маңғыстау облысының Ішкі істер
департаменті Жаңаөзен қаласының
ішкі істер басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
А. Досжанов
02.04.2018 жыл.
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2018 жылғы "02"04 № 167 қаулысына қосымша |
Жаңаөзен қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
№ Р/с | Сауда орындарының орналасқан жері | Сауда орындарының түрі | Сауда орындарының саны | Сауда орындарының көлемі (шаршы метр) |
1 | "Өркен" шағынауданындағы "Сәнді" дүкенінің жаны | Сауда шатырлардан | 2 | 24 |
2 | "Көктем" шағынауданындағы № 58 үйдің жаны | Автодүкендерден және сауда шатырлардан | 2 | 24 |
3 | "Көктем" шағынауданындағы № 22 және № 32 үйлер аралығындағы алаң | Сауда шатырлардан | 2 | 32 |
4 | "Самал" шағынауданындағы № 31 және № 32 үйлерінің арты | Сауда шатырлардан | 2 | 24 |
5 | "Шаңырақ" шағынауданындағы № 22 үйдің алды | Сауда шартылардан | 2 | 32 |
6 | "Шұғыла" шағынауданындағы № 34 үй мен Жаңаөзен қаласы әкімдігінің "№2 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі аралығындағы алаң | Сауда шатырлардан | 2 | 32 |
7 | "3А" шағынауданындағы №6 үйдің жаны | Автодүкендерден және сауда шатырлардан | 2 | 50 |
8 | "Арай" шағынауданындағы Ж. Қалдығараев көшесі мен орталық көше қиылысы | Автодүкендерден және сауда шатырлардан | 2 | 24 |
9 | "Астана" шағынауданындағы Ақтау және Қашаған көшерелінің қиылысы | Автодүкендерден және сауда шатырлардан | 2 | 18 |
10 | "Бостандық" шағынауданындағы Ш. Қожаев көшесінің бойы | Автодүкендерден және сауда шатырлардан | 2 | 32 |
11 | "Мамыр" шағынауданындағы Жаманқара Иса көшесінің бойы | Сауда шатырлардан | 2 | 24 |
12 | Теңге ауылының Достық даңғылы көшесінің бойындағы "Мерей" дүкенінің жаны | Сауда шатырлардан | 5 | 80 |
13 | Теңге ауылының Ө. Ноятұлы көшесінің бойындағы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің "№ 11 Балдырған бөбекжай-бақша" жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны алды | Сауда шатырлардан | 3 | 27 |
14 | Рахат ауылының Шоғы Батыр мен Айдаров көшелерінің қиылысы (сол жақ) | Автодүкендерден және сауда шатырлардан | 5 | 80 |
15 | Рахат аулының Шоғы Батыр мен Айдаров көшелерінің қиылысы (оң жақ) | Автодүкендерден және сауда шатырлардан | 5 | 80 |