Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына және Бейнеу аудандық мәслихатының 2018 жылғы 22 мамырдағы №23/195 "Аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 26 желтоқсандағы №20/156 "2018 - 2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3635 болып тіркелген) шешіміне сәйкес, Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 30 желтоқсандағы №20/164 "2018 - 2020 жылдарға арналған Ақжігіт ауылының бюджеті туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3517 болып тіркелген, 2018 жылғы 26 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. 2018 - 2020 жылдарға арналған Ақжігіт ауылының бюджеті сәйкесінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2018 жылға келесідей көлемдерде бекітілсін:
кірістер - 29535,0 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 4311,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 635,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 0 теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша - 24589,0 мың теңге;
2) шығындар - 29535,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 теңге:
бюджеттік кредиттер - 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 0 теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 0 теңге;
қарыздар түсімі - 0 теңге;
қарыздарды өтеу - 0 теңге;
бюджет қаржатының пайдаланылатын қалдықтары - 0 теңге.";
2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Аудандық бюджеттен 2018 жылға Ақжігіт ауылы бюджетіне 24589,0 мың теңге сомасында субвенция бөлінгені қаперге алынсын.";
көрсетілген шешімге 1 қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Бейнеу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (Ж.Оспанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Әбілшеевке жүктелсін.
4. Осы шешім 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілсін.
Сессия төрағасы | Б.Досов |
Аудандық мәслихат хатшысы | А.Ұлұқбанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Ақжігіт ауылы әкімінің уақытша
міндет атқарушы
А.Дүйсенбаев
"4" маусым 2018 жыл
"Бейнеу аудандық экономика және
қаржы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Б.Әзірханов
"4" маусым 2018 жыл
Бейнеу аудандық мәслихатының 2018 жылғы 4 маусымдағы № 23/200 шешіміне қосымша Бейнеу аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 желтоқсандағы № 20/164 шешіміне 1 қосымша |
2018 жылға арналған Ақжігіт ауылының бюджеті
Санаты | Сомасы, мың теңге | ||||
Сыныбы | |||||
Кіші сыныбы | |||||
Атауы | |||||
1.Кірістер | 29 535,0 | ||||
1 | Салықтық түсімдер | 4 311,0 | |||
01 | Табыс салығы | 245,0 | |||
2 | Жеке табыс салығы | 245,0 | |||
04 | Меншікке салынатын салықтар | 4 066,0 | |||
1 | Мүлікке салынатын салықтар | 36,0 | |||
3 | Жер салығы | 30,0 | |||
4 | Көлік құралдарына салынатын салық | 4 000,0 | |||
2 | Салықтық емес түсімдер | 635,0 | |||
01 | Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер | 568,0 | |||
5 | Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер | 568,0 | |||
06 | Басқа да салықтық емес түсiмдер | 67,0 | |||
1 | Басқа да салықтық емес түсiмдер | 67,0 | |||
4 | Трансферттердің түсімдері | 24 589,0 | |||
02 | Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер | 24 589,0 | |||
3 | Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер | 24 589,0 | |||
Функционалдық топ | Сомасы, мың теңге | ||||
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі | |||||
Бағдарлама | |||||
Атауы | |||||
2. Шығындар | 29 535,0 | ||||
01 | Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер | 29 095,0 | |||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 29 095,0 | |||
001 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 29 095,0 | |||
07 | Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық | 440,0 | |||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 440,0 | |||
009 | Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету | 440,0 | |||
011 | Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру | 0,0 | |||
3. Таза бюджеттік кредиттеу | 0,0 | ||||
Бюджеттік кредиттер | 0,0 | ||||
Бюджеттік кредиттерді өтеу | 0,0 | ||||
4. Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо | 0,0 | ||||
Қаржы активтерін сатып алу | 0,0 | ||||
Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер | 0,0 | ||||
5. Бюджет тапшылығы (профициті) | 0,0 | ||||
6. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) | 0,0 | ||||
Қарыздар түсімі | 0,0 | ||||
Қарыздарды өтеу | 0,0 | ||||
Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары | 0,0 |