Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Маңғыстау облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 28 наурыздағы қорытындысының негізінде және Сайын Шапағатов ауылдық округі тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, ШЕШТІМ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда -Маңғыстау облысы Түпақараған ауданы Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің 10.11.2022 № 127(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.1. Сайын Шапағатов ауылдық округінің атаусыз көшесіне (ІІІ кварталдың барлық жер учаскелеріне) Бозжігітов Бақыт атауы берілсін.
2. "Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы (Е.Жәнібек) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Ғ.Нұржаубай |