Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 23 шілдедегі № 229 "Сайын Шапағатов ауылдық округінің атаусыз көшесіне атау беру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Түпақараған ауданы Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 8 қарашадағы № 127 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 қарашада № 30537 болып тіркелді

      ШЕШТІМ:

      1. "Сайын Шапағатов ауылдық округінің атаусыз көшесіне атау беру туралы" Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 23 шілдедегі № 229 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3703 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Маңғыстау облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 28 наурыздағы қорытындысының негізінде және Сайын Шапағатов ауылдық округі тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, ШЕШТІМ:".

      2. "Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сайын Шапағатов ауылдық округінің әкімі С. Қылыш

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады