"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 10 сәуірдегі қорытындысы негізінде Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай қаласының Авиационная көшесі Кәмшат Дөненбаева атындағы көше деп қайта аталсын.
2. Қостанай қаласының Қазақ көшесі Әбілсай көшесі деп қайта аталсын.
3. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысы әкімінің міндетін атқарушы | Ғ. Нұрмұхамбетов |
Қостанай облыстық мәслихаты сессиясының төрағасы | М. Карбозов |
Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы | С. Ещанов |